Қазақстанда жедел жәрдем қызметкерлері видеожетонмен қамтылмақ
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жедел жәрдем қызметкерлеріне жасалған шабуыл жиілегендіктен, олар видеожетонмен қамтылатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақмарал Әлназарованың сөзінше, алдағы уақытта елде жедел медициналық көмек қызметкерлерінің қауіпсіздігі күшейтіледі.
"Тағы бір мәселе – қызметкерлерді құқық қорғау органдарының үлгісі бойынша видеожетонмен қамту. Бұл сұрақ та құқықтық тұрғыдан реттеледі. Меніңше, мұны шешу қиын емес", – деді ол мәжіліс кулуарында.
Сондай-ақ министр фельдшерлерді сақтандыру мүмкіндігі де қаралып жатқанын мәлімдеді.
"Күн тәртібінде қызметін атқару кезінде шабуыл жасалып, денсаулығына зиян келуі ықтимал қызметкерлерді сақтандыру мәселесі де тұр. Бұл сауалды біз жедел медициналық қызмет ұйымдарының басшыларымен талқыладық, сондықтан қазір күн тәртібінде тұр", – деді Әлназарова.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"