Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда әскердегілерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру енгізілу ұсынылды

3 қазанда мәжіліс депутаты Юлия Кучинская мәслихат депутаттарының форумы аясында Қазақстан армиясындағы келеңсіз жағдайларды қалай азайтуға және мерзімді әскери қызметкерлердің мүддесін қорғауға болатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Депутат әскерилермен болған қайғылы оқиғаларға тұтас қоғам алаңдаулы екенін жеткізді. Оның айтуынша, мұндай оқиғалардың көптеген себебі бар және оны шешуге әсіресе заңнамалық деңгейде көптеген ұсыныс бар.

"Қазіргі заң бойынша, егер мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаз қандай да бір жарақат алса, ол мемлекеттен бір реттік төлем алады. Ал егер мүгедектікке ұшыраса, тек мүгедектік бойынша төлемдер алады. Бірақ шын мәнінде, оның өмірі толықтай қамтамасыз етілмесе де, барынша қорғап қалу қажет. Көптеген сұрақ пен шешім айтылуы мүмкін. Қазір депутаттармен осы мәселені талқылап жатырмыз", – деді депутат.

Оның айтуынша, қазір әскерге шақырылушыларды психологиялық бағалауды жүргізу ұсынысы да талқыланып жатыр.

"Егер баланың мектепте немесе колледжде оқып жүрген кезінде депрессиялық күйлері байқалса немесе жағдай өзгергенде қатты реакция танытса, бұл ақпарат медициналық тексеру кезінде ешбір медициналық картада көрсетілмейді. Бұл еш жерде тіркелмейді. Бір анықтама немесе қорытынды болуы керек", – деп қосты Юлия Кучинская.



Еске салайық, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІ республикалық форумында армиядағы қайғылы оқиғалар туралы мәлімдеме жасады. Онда ол барлық министрге тиісті тапсырмалар берілетінін айтты. Сонымен қатар қызметтік телефондарды қолданбай-ақ, "смартфондар" арқылы тапсырмалар беретінін және ескертулер жасайтынын айтты.

Талқылау