Қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры құрылады
Мәдениет, білім беру және тәлімгерлік мәселелері туралы заңда мәдени мұраның маңызды элементтерінің бірі ретінде қазақ тілін сақтау қарастырылған. Бұл тілді бұрмаланудан қорғауға, тіл нормалары мен ережелерін сақтауға бағытталған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Кең аудитория үшін қазақ тілінің нормалары мен ережелеріне тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз ететін ашық әрі қолжетімді ақпараттық жүйе құрылады. Бұл халықтың күнделікті өмірде тілді дұрыс қолдануына ықпал етеді. Азаматтар интернет арқылы осы "ақпараттық ресурсты" тегін пайдалана алады.
Ұлттық сөздік қоры мен ұлттық тіл корпусын құрып, лексикалық қорды жүйелеуді жоспарлап отыр. Қазақ тіліндегі мәтіндерді өңдеу, генерациялау және талдау үшін жасанды интеллект технологиясына негізделген қазақ тілінің үлкен тілдік моделін жасау ұсынылады.
Бұдан бөлек қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры қалыптастырылатыны туралы айтылды. Заңға сәйкес қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры мемлекеттік ақпараттық жүйе ретінде құрылып, қазақ тілінің сөздік қорына қолжетімділік береді. Сонымен қатар қазақ тілінің барлық стилі мен жанрынан құралған мәтіндер жинағын қамтитын қазақ тілінің ұлттық корпусы да жасалады. Бұл екі ресурс ашық қолжетімді болады.
Қазақ тіліндегі мәтіндерді өңдеу, жасау және талдау үшін жасанды нейрондық желі негізінде үлкен тілдік модель (LLM) құру жоспарда бар. Қазақстанда мемлекеттік органдар қазақ тілінің бірыңғай сөздік қорын пайдаланады.
Мәжілістің пленарлық отырысында депутат Дмитрий Колода бұл сөздік қор барлық шенеунік үшін міндетті бола ма деп сұрады. Ол қазақ тіліндегі сөздердің әртүрлі түсіндірмелерінен депутаттар арасында құжаттарды талқылауда жиі даулар туындайтынын айтты.
"Басымдық ретінде – иә, міндетті ретінде – жоқ... Барлық ақпарат бір жерде жиналады", – деп жауап берді депутат Асхат Аймағамбетов.
Аймағамбетовтің айтуынша, енді мемлекеттік органдар терминдердің аудармасын әртүрлі анықтамалықтардан, сөздіктерден немесе терминология комиссиясының хаттамаларынан іздеудің қажеті жоқ. Бірыңғай сөздік қоры мәселесі депутаттар қарастырып жатқан "Мәдениет туралы" заң жобасына енгізілген.
Еске салайық, бұған дейін 23 қыркүйектегі ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесінің ережелері (ҚАЗТЕСТ) бекітілгенін жаздық. Мәліметтерге сенсек, тестілеуді ғылым және жоғары білім министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК жүргізеді. Тестілеу қағаз немесе электронды форматта өткізіледі. Диагностикалық тестілеудің ұзақтығы – 1 сағат 10 минут. Диагностикалық тестілеу 60 сұрақтан тұрады.