Қазақстанда Жасанды интеллект комитетінің төрағасы тағайындалды
Ғиззат Байтұрсынов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жасанды интеллект және инновациялық даму комитетін басқарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Үкімет
“Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Ғиззат Сейдахметұлы Байтұрсынов ведомствоның Жасанды интеллект комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды”, – деп мәлімдеді үкіметтің баспасөз қызметі.
Ғиззат Байтұрсынов 1994 жылы Шымкентте дүниеге келген. Малайзияның Азия-Тынық мұхиты технологиялар және инновациялар университетін, Д.А.Қонаев атындағы Еуразия заң академиясын бітірген.
Еңбек жолын жеке компанияда бағдарламашы болып бастаған. 2019 жылы "Жастар практикасы" бағдарламасы бойынша ҚР цифрлық даму, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің электронды өнеркәсіпті дамыту департаментінде жұмыс істеді. 2020-2023 жылдары-цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің электронды өнеркәсіп және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы, басқарма басшысы, директордың орынбасары қызметтерін атқарды.
2023 жылдан бастап қазірге дейін ЦДИАӨМ электронды өнеркәсіп және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаментінің директоры болды.