Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қазақстанда шығарылған автокөліктер сәуір айында арзандады

Қазақстандағы JAC компаниясының ресми дистрибьюторы — Allur автокөлік компаниясының құрамына кіретін JAC Motors Qazaqstan — Қытайдың ең көне автокөлік брендтерінің бірі саналатын JAC-тың барлық модельдеріне бағаны төмендететінін хабарлады.

Бағаны төмендету Allur-дың туған күніне орайластырылған. Биыл компанияға 22 жыл толып отыр. Осы уақытта компания Қостанайда өз зауытын ашып, Қазақстанның автокөлік өнеркәсібін дамытуға үлес қосып келеді. Бүгінде Allur портфолиосында алты бренд бар: Kia, Chevrolet, Jetour, Škoda, Hongqi және JAC.

"Қазақстанның Автокөлік одағының" мәліметінше, 2024 жылдың соңына қарай JAC бренді нарықтағы ең көп сатылатын брендтердің бестігіне енді. Бір жылда 11 мыңнан астам автокөлік сатылды. Бұл сенімді және қолжетімді үлгілерге сұраныстың жоғары екенін көрсетеді.

Ең көп сатылатын JAC брендінің J7 моделі 2024 жылы 4 мыңнан астам көлік сатты. Бұл да – қазақстандық тұтынушылардың сенімінің белгісі.

Көліктің жаңа бағасы 9 290 000 теңгеден басталады.

Тарихта күрделі жөндеусіз 1 миллион шақырымнан көп жүріс жасаған S3 Pro халық кроссоверінің бағасы бұрынғыдан да қолжетімді болды. Бұл модельдің бағасы 8 590 000 теңгеден басталады.

Бұл брендтің ең сыйымды моделі – жеті орындық JS8. Оның бағасы 12 490 000 теңгеден басталады.

Сонымен қатар JAC JS4 қалалық ықшам кроссоверін бар болғаны 9 290 000 теңгеден басталатын бағада сатып алуға болады.

JAC Motors Qazaqstan ресми дистрибьюторы бұл баға 2024 жылғы автокөліктерге субсидияланған қаржы бағдарламасы аясында көрсетілгенін айтты.

Базалық бағаны төмендетумен қатар, ForteBank-тің арнайы автонесие бағдарламасы қосылды. Бағдарлама арқылы көлікті 10% бастапқы жарнамен бүкіл Қазақстандағы ресми дилерлерден алуға болады.

Өзге модельдер, жинақтау және жаңа шарттар туралы толығырақ JAC Motors Qazaqstan ресми сайтынан және 757 нөміріне қоңырау шалу арқылы білуге болады.

STAN.KZ
Сейсенбі, 22 Сәуір, 2025 20:32
Талқылау