Қазақстанда жаңа жылдан бастап газ бағасы қымбаттайды
Қазақстанда келесі жылдың қаңтар айынан бастап газ бағасы қымбаттайды. Биліктегілер сәйкес құжатты дайындап жатыр, – деп хабарлайды Stan.kz.
Энергетика министрі көгілдір отынның көтерме бағасын 10%-ға көтеру туралы бұйрық дайындап жатыр.
Бейсенбі күні Энергетика министрінің «Ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасын бекіту туралы» бұйрығы көпшілік талқысына ұсынылды.
Құжатқа сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтары мен 31 наурыз аралығында газдың бір тоннасы үшін 38 701, 67 теңге (салықты есепке алмағанда) шекті бағасын белгілеу ұсынылды.
Бүгінде мемлекеттегі көгілдір отынның тоннасы 34 319 теңгеден (салықты есепке алмағанда) саудалануда. Бұл көтерме баға жарты жыл көлемінде өзгермеген.
Оқи отырыңыз:
Ұлттық валюта өзгеріске ұшырайды
Әлемдік мұнай бағасы төмендеді
“ҚазМұнайГаз” басшысы: 10 күн шыдаңыздар, АИ-95 мәселесі реттеледі
Ақтөбелік келіншек ішіне кірген жынның әсерінен түрлі әрекетке баратынын айтты