Қазақстанда жаңа ұлттық мереке енгізу ұсынылды
Фото: pixabay.com
Қазақстанда жаңа ұлттық мереке енгізу ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Үкімет "Тұлпар күнін" енгізу туралы ұсынысты қарастырып жатыр.
Мәжіліс депутаттары жылқы шаруашылығын дамыту бойынша бірнеше бастама ұсынған. Солардың бірі "Тұлпар күнін" ұлттық мереке ретінде бекіту еді. Депутаттардың айтуынша, салада шешілмеген мәселе көп. Елге сапасыз еттің келуі, білікті маманның жетіспеуі, ескірген ипподромдар секілді мәселелер жетерлік. Сондықтан депуттар кемінде бес ат спорты кешенін салуды ұсынған.
Қазақстанда жаңа мерекелік демалыс күні пайда болады: Еңбек министрлігі ұсынысты қолдады
Ал премьер-министр Олжас Бектенов бұл салаға соңғы бес жылда 9 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінгенін жеткізді. Ал "Тұлпар күнін" ұлттық деңгейде мереке ретінде атап өту мәселесі қосымша қаралатынын айтты.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалатыны туралы жазған едік.

"Аузымыз ашылып қалды": Қазақстандық компания өзінің 110 қызметкеріне Вьетнамға жолдама сыйлап, көпшілікті тәнті етті
