Қазақстанда ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті құрылды
Қазақстанның Туризм және спорт министрлігінде жаңа комитет пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik
4 қыркүйекте үкіметтің Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы қаулысы бекітілді. Құжатқа сәйкес, Туризм индустриясы комитеті оның құрамынан Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу жөніндегі комитетін бөлу арқылы қайта құрылды.
Қазір Туризм және спорт министрлігінде келесі департаменттер бар:
- Спорт және дене шынықтыру істері комитеті;
- Туризм индустриясы комитеті;
- Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті.
Жаңа комитет салалық мәселелерді дербес және жедел шешеді. Қаулы 2024 жылы 4 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді.
Айта кетейік, бұған дейін 2 қыркүйекте мемлекет басшысының жарлығымен Туризм және спорт министрі қызметіне Ербол Мырзабосынов тағайындалған еді. Ал 2024 жылдың 31 тамызында Туризм және Спорт министрі Ермек Маржықпаев қызметінен босатылған еді. Маржықпаев бұл қызметті тура бір жыл атқарған.