Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда исламдық ипотека бағдарламасын енгізу ұсынылды

Қазақстанда жаңа исламдық ипотека бағдарламасын енгізу ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kursiv.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Бұл туралы Қазақстан құрылысшылар одағының отырысында айтылды. 

Қазақстан құрылысшылар одағының өкілі Вячеслав Лазарев исламдық ипотеканы енгізудің маңыздылығын шариғат заңы бойынша ипотеканың адам өлтіру сияқты ауыр күнәлардың қатарына жататынын атап өтті.  

"Сондықтан ислам дінін ұстанатын адам үшін ипотека алу үлкен күнәмен тең", – деді Лазарев.


“Алмайын десем, үй жоқ, алайын десем, ішім ашиды": Қазақстандық азамат ипотека үстемақысының көптігіне наразы болды


Лазаревтің айтуынша, Ислам Даму Банкінің есебінде банктен 1,5 миллионға жуық адамның ислам ипотекасын алғаны көрсетілген, өйткені олар шариғат қағидаттарына сай келеді.

"Бұл ішкі нарықтан экономикаға инвестицияның артатынын білдіреді. Яғни, бұл адамдарда бастапқы жарнаның 30 немесе 40% бар және олар бұл ақшаны Қазақстан экономикасына бағыттай алады. Әртүрлі бағалаулар бойынша бұл 1 триллион теңгеге дейін барады", – деді Лазарев.

Одақ өкілі исламдық қаржыландырумен байланысты нарық әлемдік ЖІӨ-нің шамамен 5% құрайтынын атап өтті.

"Ресей заңнамасында "этикалық қаржы" ұғымы бар. Қазақстан заңнамасында да "этикалық исламдық қаржыландыру" туралы жазылған, бірақ, іс жүзінде біздің банктер, соның ішінде "Отбасы банкі" және басқалары бұл бағытта жұмыс істемейтінін көріп отырмыз", – деді Лазарев. 

Исламдық құрылысшылар қауымдастығының директоры Арман Ақмағамбетов жұмыс тобын құруды, нормативтік-құқықтық актілерді өзгертуді, жаңа исламдық өнімдер әзірлеуді және шетелдік инвестициялар тарту үшін құралдар ойлап табуды ұсынды.

Ол сондай-ақ Исламдық құрылысшылар қауымдастығының ислам ипотекасын енгізуге көмектесуге дайын екенін атап өтті. Ақмағамбетов қауымдастықтың қаржыландыруға көмектесе алатынын айтты. Қауымдастық директорының айтуынша, бұл бастамаға "Отбасы банктің" көмегі қажет.

Бұған дейін қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басшысының орынбасары Олжас Қизатов Еуразия даму банкінің бизнес форумында қазақстандық банктердің өз филиалдарында "ислам терезелерін" аша алатынын мәлімдеген еді. 

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда 2025 жылы екі ипотекалық бағдарлама іске қосылатыны туралы жазған едік. 

Талқылау