Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарламалар пайда болмақ

Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарламалар пайда болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов жаңа ипотека туралы мәлімдеді.

"Өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, су ресурстары министрліктеріне кәсіпорындармен, әкімдіктермен және "Отбасы банкімен" бірлесе отырып, ипотекалық және жұмысшыларға жалға берілетін тұрғын үй берудің жеңілдетілген бағдарламаларын іске қосу мәселелерін пысықтауды тапсырамын", – деді Бектенов.

Бектенов Қазақстанға мыңдаған білікті жұмысшы қажет екенін айтты.

"Жыл сайын жаңа мамандықтар пайда болып жатыр. Сондықтан болашақ біліктілік пен құзыреттіліктерді болжау үшін барлық әкімдік аймақтық кәсіп атластарын жасауы қажет. Әзірге мұндай құжат 9 облыста ғана бар. Жастар жұмыс істеуді саналы түрде таңдауы үшін кәсіптік бағдар беру жұмысында жаңа тәсілдерді енгізу қажет", – деді премьер-министр.

Талқылау