Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алаяқтарға қарсы жаңа call орталық құру ұсынылды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов барлық күдікті алаяқтық істерді жинайтын байланыс орталығын құру туралы ұсынысын жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ru.freepik.com

Руслан Әбдіхалықов орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте алаяқтық фактілерді жинайтын жеке call орталық құру туралы ұсыныс жасады. 

“Қазір Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Менің ойымша, бұл байланыс орталығы мемлекеттік техникалық қызметке негізделуі керек. Өйткені оның 1400 тегін нөміріне қоңырау шалу арқылы компьютерлік инциденттерге жауап беру қызметі бар. Бірақ бұл нөмір енді тек киберқылмыстарға қатысты қоңырауларды қабылдайды. Адамдардың алаяққа алдануы – әрқашан киберқылмыс бола бермейді. Тиісінше, біз штатымызды кеңейтуіміз керек, бұл орталыққа қосымша қаржы бөліну қажет. Қазақстан халқының саны 20 миллион екенін және алаяқтық оқиғалар жиі болатынын ескерсек, бұл орталыққа соншалықты көп оператор керек”, – дейді Руслан Әбдіхалықов.

Сондай-ақ байланыс орталығын Ұлттық банктің алаяқтыққа қарсы орталығымен және байланыс операторларының ұқсас орталықтарымен біріктіру жоспарланып жатыр. Бұл ретте, Әбдіқалықов атап өткендей, азаматтан түскен кез келген сигнал жедел өңделіп, күдік туған жағдайда SIM-карта мен мессенджер аккаунттары бұғатталады.

“Яғни, банктерге белгілі бір нөмірдің алаяққа тиесілі екені ескертіліп, банктік қосымшаларда осы нөмірден жасалған кез келген транзакциялар тоқтатылады. Біз бұл тапсырма бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Біз мәселені түсінеміз және оны қалай шешуге болатынын білеміз”, – деді Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

Талқылау