Қазақстанда зейнетақылар, жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер көбейеді
Фото: Stan.kz
23 маусымда сенат отырысында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда зейнетақыларды, жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді индексациялауға бюджеттен шамамен 800 миллиард теңге бөлінгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Серік Жұманғариннің айтуынша, 2026 жылдан бастап қосымша құн салығы 20% өсетініне байланысты көптеген кәсіпорын өз өнімдері мен қызметтерінің бағасын алдын ала көтеріп үлгерген.
Азық-түлік бағасы 9,6%, ал қызметтер 15-16% қымбаттаған. Бұған қарамастан, үкімет қызмет көрсету саласындағы бағаның өсуін тежеуге ниетті.
"Зейнетақыларды, жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді индексациялауға біз шамамен 800 миллиард теңге қарастырдық. Бюджет оны көтере алады, сондықтан әлеуметтік жағынан осал топтар үшін аса үлкен күйзеліс болмайды деп ойлаймын", – деді Серік Жұманғарин.
Сонымен қатар министр бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін салық салынбайтын табыс көлемі айына 289 мың теңгеден 1,6 млн теңгеге дейін ұлғайтылғанын атап өтті. Бұл 350 мың салық төлеушіге 12 миллиард теңгеге жуық қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Мамырдағы инфляция 11,3% болды: Қазақстанда қандай өнімдер қымбаттады
Еске салайық, бұған дейін Ұлттық статистика бюросы бір адам үш айда орта есеппен 158 648 теңгені тек азық-түлікке жұмсайтынын айтты. Бұл ақшаның көп бөлігі ет, нан, сүт, күріш пен қарақұмық сияқты негізгі өнімдерге кетеді. Көкөніс бағасы да шарықтап тұр. Іріктелген картоп – 460 теңге, жуылған сәбіз – 499 теңге. Сауда комитеті мұны маусымаралық кезеңмен байланыстырады, яғни көкөністер әлі толық жиналып бітпеген. Олар өнім толық шыққанда баға түседі деп үміттеніп отыр.

Ирандағы шиеленістен соң мұнай құны өссе, Қазақстанда доллар бағамы төмендей ме – Сарапшылар жауап берді
