Қазақстанда запастағы әскерилерге жалақы төленеді – Сенат заң жобасын мақұлдады
Қазақстанда запастағы әскери қызметкерлерге ай сайын минималды айлық төленеді. Бұл норма резервтегі әскери қызмет туралы заңға енгізілетін өзгерістерге қосылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Сонымен қатар резервтегі әскери қызметкерлер дайындық бойынша және дағдарыс жағдайындағы жиын кезінде жұмыссыз әскерилер де минималды айлық алады. Өзге азаматтарға жұмыс орны бойынша орташа еңбекақы төленіп, лауазымы сақталады.
Сондай-ақ нормада резервтегі әскери қызметке қосылуға арналған талаптар көрсетілген:
- Жеке, моральдық және кәсіби қаситеттерінің, білім деңгейінің болуы;
- Жас шектеуі (сержант құрамы үшін 18-47 жас аралағында, офицерлік құрам үшін 57 жас);
- Мерзімдік әскери қызметті міндетті түрде өтеуі немесе әскери кафедрада оқуы керек;
"Резервтегі әскери қызметті өтеу туралы шарттың мерзімі, шарт жасасу тәртібі мен жиындар өткізу белгіленеді. Келісімшарт ерікті негізде 3 жылға жасалады. Ал оқыту және әскери дайындық бойынша жиын бір жылда 60 күнтізбе күнінен аспайды. Оның ішінде 3 күннен аспайтын ай сайынғы оқыту да бар", – деді сенатор Сергей Ершов.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді