Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда заңсыз майнинг саудасымен айналысқан 13 ферма анықталды

Елімізде бес күн ішінде заңсыз майнинг саудасымен айналысқан 13 ферма анықталды. Олардың жалпы қуаттылығы 220 мегаваттан асып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Жасырынып криптовалюта өндіргендер Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Ақмола, Қостанай облыстары мен Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қаласында ұсталды. 

Көлеңкелі кәсіп қылғандар еселеп электр энергиясын қолданса да, ақысын жеңілдікпен төлеп келген. Мәселен, елордалық майнерлер өткен жылдың қарашасынан күні бүгінге дейін 48 мың доллар тауып үлгерген. Ал алматылық алаяқтардың мемлекетке келтірген шығыны 131 миллиард теңгеден асып жығылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің дерегінше, жымысқы әрекеттерін жасыру үшін электр энергиясын бақылаушыларға бір жарым миллион теңгеге дейін пара берген. Жеңіл ақша тапқысы келгендер түрлі әдіс-тәсілді қолданған. Алматылық сұр майнерлер тоқыма фабрикасы болып жұмыс істесе, павлодарлықтар көкөніс қоймасының атын жамылған.

Талқылау