23 мамырға өтініш берген талапкерлер ҰБТ-ны 25 мамырда тапсырады. 24 мамырға өтініш берген талапкерлер ҰБТ-ны 1 маусымда тапсырады.
Жаңа тестілеу күні туралы ақпарат талапкердің app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинеті арқылы автоматты түрде жаңартылады. Тіркелгендерге хабарлама жіберіледі.
Айта кетейік, Қазақстанда биылғы соңғы қоңырау басқа күнге ауыстырылды. Биылғы оқу жылының ресми аяқталуы жексенбіге сәйкес келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін салтанатты шара мектеп әкімшілігінің шешімімен 23 немесе 24 мамырда өткізіледі.