Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда УЕФА стандартына сай жаңа стадион ашылды

Қазақстанда УЕФА стандартына сай жаңа стадион ашылдыФото: Туризм және спорт министрлігі

Қызылорда қаласында 11 мың орындық көпсалалы “Қайсар Арена” стадионы ашылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Спорт нысанының жалпы аумағы 20 мың шаршы метрден асады. Кешенде бокс, күрес, спорттық гимнастика, таеквондо, ауыр атлетикаға арналған залдар бар. Сонымен қатар орталықта ерекше қажеттілігі бар жандар үшін де қолайлы жағдай қарастырылған.


Алматыдағы жаңа стадион 75 млрд теңгеге салынады


"Жыл басынан бері еліміздің 14 өңірінде 32 спорт нысаны пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 70 нысанның құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. "Қайсар Арена" стадионы – Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асқан ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі. Бұл кешен ірі халықаралық жарыстар мен мәдени-спорттық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді", – деді туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

Стадион УЕФА-ның 4-санатына толық сәйкес келеді. Футбол алаңы заманауи жасанды көгалмен жабдықталып, жарықтандыру жүйесі де УЕФА талаптарына сай жасалған.

Еске салсақ, Қазақстанда жеті қалада стадион салынатыны туралы жазғанбыз. 

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 06 Қазан, 2025 22:28
Талқылау