Қазақстанда ТЖМ талабы бойынша су тасқынын бақылайтын Tasqyn жүйесі жабылды
Қазақстан билігі Tasqyn су тасқынын болжау жүйесінің сайтын жауып тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: depositphotos.com
2025 жылдың қаңтарында үкімет Қазақстанның "Tasqyn" су тасқынын болжау жүйесін іске қосқанын хабарлаған еді. Жүйенің кез келген қазақстандыққа қолжетімді болатыны айтылды. Алайда 2025 жылдың наурызында сайттың ашылмай қалғаны белгілі болды.
Цифрлық даму министрлігі Tasqyn жүйесін жауып тастағанын хабарлады. Бұған төтенше жағдайлар министрлігінің талабы себеп болған. Министрлік себеп ретінде ақпараттық қауіпсіздік талаптары мен жалған ақпараттың таралуынан қауіптенетінін көрсеткен.
Тоқаев су тасқынына қатысты төтенше жағдайлар министріне тапсырма берді
Жүйе енді тек қызметтік пайдалану үшін қолжетімді. Жалпы қолданысқа арналған басқа сайттың пайда болуы мүмкін.
"Қазіргі уақытта кең аудиторияға бейімделген бөлек қоғамдық интерфейс құру мүмкіндігі қарастырылуда. Оны іске қосу туралы түпкілікті шешім мен мерзімі мемлекеттік тапсырыс берушілерге байланысты", – делінген жауапта.
Сондай-ақ министрлік су тасқыны қаупіне қатысты болжамдарды ТЖМ мен "Қазгидромет" сайттарынан бақылауға болатынын атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда Tasqyn су тасқынын болжау жүйесі іске қосылғаны туралы жазған едік.