Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тұтынушылық несие беруге шектеу енгізіледі: Кімдер несие ала алмайды

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда кепілсіз тұтынушылық несие беруге шектеу енгізілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тұтынушылық несие берудің өсу қарқынын шектеуге және азаматтардың артық қарыз жүктемесін болдырмауға бағытталған қаулы жобасын әзірледі.

Жоба соңғы 12 айда 90 күннен астам мерзімге төлемін кешіктірген қарыз алушылар үшін қарыз жүктемесі коэффициентін (ҚЖК) 0,5-тен 0,25-ке дейін төмендетуді көздейді. Бұл азаматтардың несие бойынша артық міндеттемелер алуын шектеуге және қайталанатын дефолт ықтималдығын азайтуға мүмкіндік береді.


Енді алаяқтардың құрбаны болған азаматтар өз атына рәсімделген несиелерді жоя алады

"Несие алғандарға атаулы әлеуметтік көмек берілмейді": Еңбек министрі жаңа құжатты түсіндірді


Жаңа ережеге сәйкес, егер қарыз алушыда төмендегі жағдайлардың бірі болса, кепілсіз тұтынушылық несие ала алмайды.

- банктік несие бойынша төлем 30 күннен артық кешіктірілген және (немесе) микронесие бойынша 1 күннен артық кешіктірілген жағдайда;

- 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап 36 ай ішінде негізгі қарыз және (немесе) сыйақы бойынша толық кешірілген қарызы болған жағдайда;

- соңғы 12 айда қарыз алушының міндеттемелерін дұрыс орындауына ықпал етпеген қайта құрылымдау жүргізілген жағдайда.

Еске салсақ, бұған дейін кейбір қазақстандықтар несие бойынша төлемдерін кейінге шегере алатыны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 25 Қыркүйек, 2025 21:43
Талқылау