Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тұмша салдарынан оқушыларды қашықтан оқытуға көшіру мәселесіне премьер-министр жауап берді

тұмау алматыФото: Stan.kz | gemini көмегімен жасалған

Қазақстанда ауа сапасының күрт нашарлауына байланысты оқушыларды қашықтан оқытуға көшіру мәселесіне премьер-министр Олжас Бектенов нақты жауап берді. Оның айтуынша, зиянды заттардың шекті мөлшері үш еседен асып, қолайсыз метеожағдайлар екінші немесе үшінші дәрежеге жеткен жағдайда, өңір әкімдіктері оқушыларды онлайн-форматқа ауыстыру туралы шешім қабылдай алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сенатор Ольга Булавкина премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында ауа сапасының төмендеуі денсаулық пен өлім-жітімге әсер ететін негізгі қауіп факторларының бірі болып қала беретінін атап өткен еді.

"Статистикалық мәліметтерге сенсек, тек 2024 жылдың өзінде қан айналымы жүйесі ауруларынан – 29,9 мың адам, тыныс алу органдары ауруларынан – 13,3 мың адам, қатерлі ісік ауруларынан – 13,5 мың адам көз жұмған. Өкінішке қарай, осы аурулардан болатын өлім-жітім деңгейі өсіп келеді. Сарапшылар өсімді тікелей ауа ластануымен байланыстырады. Әсіресе Қарағанды, Теміртау, Шығыс Қазақстан қалаларында, Атырау мен Ақтөбе облыстарында, сондай-ақ Астана мен Алматыда бар", – деді Ольга Булавкина.

Оның айтуынша, өнеркәсіптік кәсіпорындардың шоғырлануы мен қолайсыз метеожағдайлардың (инверсия, желсіздік) қатар келуі тұмша үнемі пайда болуына әкеледі. Бұл өз кезегінде тұрғындар арасында тыныс алу, жүрек-қан тамырлары және онкологиялық аурулардың артуына әсер етеді. Сенатор ауа ластануына байланысты қолайсыз метеожағдайлар кезінде мектептерді қашықтан оқытуға көшіру мәселесін көтерді.

"Оқу-ағарту министрлігінің бұйрықтарында метеожағдайлар кезінде оқу орындарын қашықтан оқытуға көшіру тәртібі реттелмеген", –деді Ольга Булавкина.

Депутат 2025 жылдың қазан айында "Қазгидромет" ресми деректеріне сене отырып, Өскемендегі тұмша бірнеше күн сақталуына байланысты мектептер әкімдік пен білім басқармасының келісімімен қашықтан оқытуға көшірілгенін еске салды.

"Бұл 66 мектеп, 53 мың оқушы. Сонымен қатар қаладағы колледждер мен жоғары оқу орындарында 30 мың студент білім алады. Тиісті министрліктердің бірыңғай нормативтік құжаты болмаған жағдайда мұндай мәселені шешу өте қиын. Ал бұл жағдай облыс орталығында жиі қайталанады", – деді депутат.

Сондай-ақ ол еліміздегі зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы көп жылдан бері жаңартылмағанын, ШРК 5 еседен асып кеткенде немесе ауа райы кезінде қалай әрекет ету керек екеніне нақты нұсқаулық жоқ екенін айтты. Депутаттық сауалға премьер-министр Олжас Бектенов жауап берді. Оның айтуынша, атмосфералық ауаның ластануына мониторинг жүйелі түрде 70 елді мекенде жүргізіледі.

"2025 жылдың бірінші жартысында жоғары деңгейдегі ауа ластануының 298 жағдайы тіркелді. Олардың негізінде 23 рет тексеру жүргізіліп, 9 жағдайда ластану фактісі расталды. Айта кетейік, мониторинг деректері ауаның жалпы ластану деңгейін ғана көрсетеді және кей жағдайларда шығарындылардың нақты көзін анықтауға мүмкіндік бермейді. Әсіресе, санитарлық-қорғау аймақтарына немесе бірнеше кәсіпорынның ықпал ету аймақтарына жақын орналасқан елді мекендерге тән", – деді Олжас Бектенов.

Олжас Бектенов қашықтан оқыту ресми білім беру формаларының бірі екенін және тиісті бұйрықпен реттелетінін еске салды.

"Қашықтан оқыту қолайсыз метеожағдайлар, төтенше жағдайлар, шектеу шаралары кезінде, медициналық көрсеткіштер бойынша, ата-аналардың өтінішімен немесе өзге де негіздер бойынша қолданылады. Осылайша, ауа райы екінші және үшінші дәрежелерінде, сондай-ақ зиянды заттардың шекті мөлшері үш еседен аса артқан жағдайда, әкімдіктер оқушылардың денсаулығын қорғау үшін оларды қашықтан оқыту форматына көшіру туралы шешім қабылдауға құқылы", – деп жауап берді премьер-министр.

Осылайша, премьер-министрдің жауабы бойынша екінші және үшінші дәрежелі қолайсыз метеожағдайлар кезінде және үш еседен жоғары асқанда әкімдіктер оқушыларды онлайн-оқытуға көшіру мүмкіндігіне ие.


Өскеменнің экологиялық жағдайын жақсартуға 10,5 миллиард теңге бөлінбек


Алматы тұрғындары тұмша салдарынан ЖРВИ мен тұмауды ауыр өткеруі мүмкін – Санитар дәрігер


Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірқатар өнеркәсіптік аймақтарында соңғы жылдары ауа сапасының күрт нашарлауы жиілеп жатқанын жазған едік. Қазгидромет деректеріне сәйкес, әсіресе, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Атырау және Алматы қалаларында тұмша тұрақты түрде қалыптасады. 

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 01 Желтоқсан, 2025 15:56