Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда түркиялық "Байрактар" дрондары шығарылмақ

Түркиялық Baykar Defence компаниясы Қазақстанда камикадзе-дрондар мен ұшқышсыз ұшатын аппараттар шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: turkishdefencenews.com

Бұл туралы Қазақстанның қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Министрлік мәлімтінше, қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов компанияның бас директоры Халук Байрактармен келісімге келді. Компанияның атақты "Байрактар" ұшқышсыз ұшу аппараттарын Украина қарулы күштері Ресеймен соғыста пайдаланып келеді.

"Baykar Defence бас директоры Халук Байрактармен келіссөздер нәтижелі болды. Келіссөздер барысында тараптар еліміздің аумағында тактикалық ұшқышсыз ұшу аппараттары мен жедел деңгейлі оқ-дәрілерді өндіруді локализациялау мәселесі бойынша жол картасын әзірлеуге келісті", – делінген министрлік хабарламасында.


2030 жылы соғыс болады: Қорғаныс министрлігі депутаттың болжамына қатысты пікір білдірді


Келіссөз Түркияның Стамбул қаласында өткен SAHA EXPO-2024 IV халықаралық қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі көрмесі аясында болды. Сондай-ақ көрме барысында Жақсылықов Түркияның қорғаныс министрі Яшар Гүлермен, қорғаныс өнеркәсібі агенттігінің төрағасы Халук Гергюнмен және БАӘ қорғаныс министрі Мұхаммед бен Мүбарак Фадель Әл Мазруимен келіссөздер жүргізді. 

Еске салсақ, бұған дейін төтенше жағдай министрлігі төрт ұшақ пен дрон сатып алуды жоспарлап отырғаны туралы жазған едік. 

Талқылау