Қазақстанда той өткізуге тыйым салынды
Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында той-томалақ өткізуге тыйым салынды. Бұл тыйым туралы Президенттің төтенше жағдайдың жарияланатыны туралы Жарлығында жазылды.
«Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге тыйым салынсын», - делінген президенттің жарлығында.
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уали, коронавирустың таралу қауіпінің жоғары болуына байланысты тойды өткізуге тыйым салынатынын түсіндіріп өтті. Мұндай шараларды кейінірек кейінге қалдыруға кеңес береміз», - деді ол.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілді. Бұл туралы Жарлыққа ҚР Президенті қол қойды. Жарлыққа сәйкес ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлар мен театрлардың жұмысы тоқтатылып, Қазақстан Республикасына келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда ел аумағына көліктің барлық түрлерімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеулер белгіленді.