Қазақстанда тоқтау сызығынан өтіп тоқтағаны үшін салынатын айыппұл сомасы аталды

Қазақстанда тоқтау сызығынан өтіп тоқтағаны үшін салынатын айыппұл сомасы аталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстанда тоқтау сызықтары автоматты камералар арқылы бақыланады, сызықтан асып тоқтағандарға салынатын айыппұл көлемі 3 АЕК – 11 796 теңге (2026 жылдан бастап 12 975 теңге). Қайталанған заң бұзушылық үшін 10 АЕК – 39 320 теңге (2026 жылдан бастап 43 250 теңге) айыппұл салынады.
2026 жылы қазақстандықтар жиі төлейтін айыппұлдар көлемі өседі
Даулы жағдайларда жүргізушілер полиция департаментінде шығарылған шешімге шағымдана алады. Мұндай өтініштер жеке-жеке қаралады.
Сонымен қатар бағдаршамның қызыл жарығына өткендерге де 10 АЕК айыппұл салынады. Егер заң бұзушылық айыппұл салынғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл сомасы 15 АЕК-ке дейін өседі.
Айта кетейік, қазір 1 АЕК мөлшері – 3 932 теңге, ал 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге болады.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда 2025 жылдың 28 қарашасынан жаңа жол ережелері қолданысқа енетіні туралы жазған едік.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді