Қазақстанда "Thefiniko" қаржы пирамидасының басшысына халықаралық іздеу жарияланды
Қаржы мониторингі агенттігі қаржы пирамидасының басшысына халықаралық іздеу жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Қаржы мониторингі агенттігі
Батыршина Дана Анварқызы, 1976 жылы 26 қыркүйекте Өзбекстан астанасы, Ташкент қаласында туған. Анварқызы 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың шілдесіне дейін "Thefiniko" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарды деген күдікке ілінген.
Ол азаматтардан жалпы сомасы 65,9 миллион теңге және 206,5 мың доллар заңсыз жымқырған.
Атап айтқанда, "Thefiniko" компаниясы сауда және инвестиция платформасы емес. Әлемдік биржалардың ешқайсысында тіркелмеген.
Егер іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, мына телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз:
+7 701 218 05 23 – іздеу бойынша,
+7 727 279 29 56 – кезекші бөлім.
Агенттік сыйақы мен анонимдікке кепіл беретінін мәлімдеді.