Қазақстанда темекі бағасы көтерілді
Фото: pixabay.com
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда темекі өнімдерінің ең төменгі бағасы көтерілді. Енді 20 дана сигареттен тұратын бір қорап кемінде 970 теңге тұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда темекі өнімдеріне жаңа ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленді. Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес, 20 дана сигареттен тұратын бір қораптың ең төменгі бағасы 970 теңге болады.
Талаптар сүзгісі бар және сүзгісіз темекі, папиростар мен сигариллаларға қолданылады.
Сондай-ақ жаңа Салық кодексінде акциздерді кезең-кезеңімен арттыру көзделген. 2026 жылы акциз мөлшерлемесі 1000 темекіге 18 051 теңге болады. Ал 2030 жылға қарай ол 25 607 теңгеге дейін өседі.
Кәдімгі темекі және қорқорға арналған табак 2026 жылы акциз мөлшері бір келісіне 15 863 теңге болып белгіленді.
Қыздырылатын темекілердің 1000 данасына 11 230 теңге. Көрсеткіштер де 2030 жылға дейін кезең-кезеңімен өсетін болады.
- Қазақстанда кальянға салынған шектеулерді жеңілдету талқыланып жатыр
- Салық пен айыппұл өсіп, қымбатшылық басталады: 2026 жылдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Еске салайық, бұған дейін былтыр Қазақстанда темекі өнімдеріне ең төменгі бөлшек сауда бағасы 12,1% өсіп, 920 теңгеге жеткенін жазған едік.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар