Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда телефон алаяқтарының құрбандарының дерекқоры құрылмақ

АлаяқФото: Freepik.com

Қазақстан Ұлттық банкі Антифрод-орталықтың өкілеттіктерін кеңейтуді ұсынып отыр. Реттеушінің тиБайланыс операторлары Қазақстанда телефон алаяқтарының ықтимал құрбандарының дерекқорын құрадыісті қаулы жобасы “Ашық НҚА” порталында жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар алаяқтыққа қарсы күресті күшейтуге, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (ақшаны жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды тиімді етуге бағытталған.

Жобаға сәйкес мынадай нормалар қарастырылған:

  1. Ұлттық банктің Антифрод-орталығына қатысушылар құрамын кеңейту және олармен өзара іс-қимыл тәртібін белгілеу;

  2. Антифрод-орталықтың қосымша дерекқорларын қалыптастыру және жүргізу тәртібін бекіту;

  3. Антифрод-орталық қатысушыларының өзара әрекеттесу алгоритмін айқындау:

  • бірнеше мәрте кредитке өтінім беру жағдайлары бойынша;

  • алаяқтық белгілері бар қоңырау жасалған абонент нөмірі анықталған кезде ұялы байланыс операторларының әрекеті бойынша;

  • байланыс операторлары тарапынан үшінші тұлғалардың алаяқтық әрекеттерінен зардап шегуі мүмкін азаматтардың базасын қалыптастыру бойынша.

Сонымен қатар құжатта бірқатар заңдардың қабылдануына байланысты редакциялық және үйлестіруші түзетулер қамтылған. Атап айтсақ, олар ҚР “Банктер және банк қызметі туралы”, “Киберқауіпсіздік туралы”, “Қаржы нарығын реттеу және дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңдарына, ҚР Цифрлық кодексіне қатысты.

Сондай-ақ 2026 жылғы 13 шілдеден бастап ҚР “Ақпараттандыру туралы” және “Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы” заңдарының күші жойылуына байланысты өзгерістер енгізіледі.

Ұлттық банктің мәліметінше, жоба қаржы нарығындағы алаяқтық операциялар санын азайтуға бағытталған шаралардың тиімділігін арттыру және “Төлемдер және төлем жүйелері туралы” заңға енгізілген өзгерістермен сәйкестендіру мақсатында әзірленген.

“Антифрод-орталық жұмысы күшейген сайын алаяқтық тәуекелдері төмендеп, қаржы нарығында алаяқтық белгілері бар транзакциялар саны азаяды деп күтіледі”, – делінген Ұлттық банк түсіндірмесінде.

Құжат жобасы 2026 жылғы 3 наурызға дейін көпшілік талқылауына шығарылған.

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 17 Ақпан, 2026 10:33