Қазақстанда тексерілген ойыншықтардың 50%-ы қауіпті деп танылды
Қазақстанда 2022 жылдың басынан бастап 1 499 ойыншық үлгісі тексеріліп, оның 706-сы қауіпті деп танылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті балалар ойыншығының 1 499 үлгісін тексерді. Нәтижесінде 706 үлгі "Ойыншықтар қауіпсіздігі туралы" ережеге сәйкес келмейтіні анықталды. Олардың ішінде 9 Қазақстанда (1,3%), 59-ы Еуропа экономикалық одағында (8,4%), 638-і өзге елдерде (90,3%) жасалған", – делінген комитет хабарламасында.
Санитарлық-химиялық тексеріс нәтижесінде 23 үлгіде ксилол, бензол, фенол, гептан, формальдегид және этилацетат сынды қоспалардың шамадан тыс көп екені анықталған.
Кәсіпорындарда 21,5 келі ойыншық тәркіленді. Сонымен қатар өнімдер қауіпсіздігін дәлелдейтін құжаттарсыз сатылып келген.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты
Алдын ала "бизнес бастадым" деп жариялау міндеті жоқ дейді агенттік
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған