Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Tasqyn су тасқынын болжау жүйесі іске қосылды, бірақ көктемге арналған болжам дайын емес

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов елімізде Tasqyn су тасқынын болжау және модельдеу жүйесі өндірістік қолданысқа берілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ortcom.kz

Министрдің мәліметінше, бүгінде өзендердің 128 учаскесіндегі 142 су бекеті бойынша су тасқынын модельдеу жүргізіледі. "Қазсушар" филиалдары мен бассейндік инспекциялардың 114 маманы су бекеттері бойынша деректерге күнделікті талдау жасайды және оны жүйеге енгізеді.

Tasqyn жүйесі жаһандық GloFAS су тасқыны жөнінде ескерту жүйесіне біріктірілген. Tasqyn 2025 жылдың су тасқыны кезеңіне соңғы болжамды наурыз айының басында береді.

"Су тасқынына ел ішіндегі дайындықтан бөлек, біз көрші мемлекеттердегі әріптестерімізбен де тұрақты байланыстамыз. Ақпарат алмасу жедел жүреді. Көктемгі су тасқынын қабылдауға қоймаларда бос орын дайындау үшін су тастау жұмысы жалғасып жатыр. Бүгінде еліміздің су қоймалары 13 миллиард текше метр су қабылдай алады", – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.



Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда биыл да мыңнан астам елді мекенді су басу қаупі төніп тұрғанын жазған едік. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов су тасқыны қаупі төніп тұрған Қазақстанның бес аймағын атады. Қауіп төнген елді мекендердің басым бөлігі БҚО, Қарағанды облысы, Ақмола облысы, СҚО мен ШҚО өңірлерінде орналасқан. 

Талқылау