Қазақстанда танымал боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйеліне іздеу жарияланды

Қазақстанда танымал боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйеліне іздеу жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстанның ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Екатерина Биволға іздеу жарияланып, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.
“Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде”, – делінген ішкі істер министрлігінің хабарламасында.
Айта кетейік, Екатерина Бивол Instagram желісінде түрлі ұлт өкілдеріне, оның ішінде қырғыздар мен қазақтарға қатысты қорлайтын сөздер айтып, видео жариялаған еді. Осындан кейін Қырғызстанның ішкі істер министрілігі Екатерина Биволдың үстінен “ұлттық және нәсілдік араздықты қоздырды” деген айыппен қылмыстық іс қозғады.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті