Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тамақтану орындарында газ баллондарын қолданудан бас тарту ұсынылуда

Қазақстанда тамақтану орындарында газ болландарынан бас тарту ұсынылдыФото: pixabay.com

Мәжіліс кулуарында Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев елімізде қоғамдық тамақтану орындарында газ баллондарын пайдаланудан бас тарту мүмкіндігі қарастырылып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оның айтуынша, Щучинск қаласында орталық газ жүйесі жоқ. Ал электр қуаты қымбат болғандықтан, тұрғындар мен кәсіпкерлер газ баллондарын пайдаланады.

Министрлік мамандары қайғылы оқиға болған "Центр плова" кафесін тексермеген. Тұрсынбаевтың айтуынша, қауіп бар нысандарға қатысты бақылауды жергілікті атқарушы органдар жүргізеді. Газ инспекциясы газ баллондарын пайдалану тәртібін бақылап, тиісті жұмыстар атқарады.

Сонымен қатар, ауданы шамамен 300 шаршы метр болатын нысандар жоғары немесе орташа тәуекел санатына жатпайды. Сондықтан мұндай орындар тек келушілердің шағымы немесе прокуратураның тапсырмасы бойынша ғана тексеріледі.



Щучинск қаласындағы дәмханада болған жарылыстан кейін құрылған арнайы жұмыс тобы газ баллондарын пайдаланудан бас тарту мүмкіндігі қарастырып жатыр. 

Еске салсақ, бұған дейін 26 ақпанда Ақмола облысы Щучинсктегі “Центр плова” дәмханасында газ-ауа қоспасы жарылып, арты өртке ұласты. Қайғылы оқиға салдарынан 7 адам қаза тауып, 26 адам жарақат алды. Өрт сөндірушілер ғимараттан 8 газ баллонын алып шығып, 10-нан астам адамды эвакуациялады. Зардап шеккендердің 13-і Бурабай аудандық ауруханасына жеткізілді, 6 адам амбулаториялық бақылауға жіберілді. Бес науқас санитарлық авиация арқылы Көкшетауға тасымалданды, тағы екі адамды жеткізу жоспарланды. Алайда кейін қаза тапқандар саны 11-ге жетті.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 11 Наурыз, 2026 15:33