Қазақстанда тағы бір жолаушылар ұшағы зақымдалды
Ақтөбеде Air Astana-ның тағы бір ұшағы зақымдалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: The Astana Times
16 тамызда Airbus A321 ұшағын сүйреп апару кезінде шассидің тұмсық тірегіндегі бекітпе зақымдалған. Енді Air Astana-ның ондаған рейсі кейінге шегерілді.
“Ақтөбе-Алматы бағыты бойынша КС866 рейсі алдымен 17 тамызға дейін кешіктіріліп, кейін тоқтатылды. Жолаушыларға билет құнын айыппұлсыз қайтару ұсынылды. Жөндеу жұмыстарын орындау үшін ұшақты жолаушыларсыз Астанаға жеткізу туралы шешім қабылданды. Алайда елордалық әуежайдың түнгі уақытта жабылуына байланысты әуекомпания рейсті 19 тамызға қалдыруға мәжбүр болды”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Air Astana әуекомпаниясы кейтерингті Алматы әуежайындағы ұшақты зақымдады деп айыптаған еді.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"