Air Astana әуекомпаниясы Алматы әуежайын ұшақты зақымдады деп айыптады
Air Astana әуекомпаниясы кейтерингті Алматы әуежайындағы ұшақты зақымдады деп айыптады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кейтеринг – тамақтандыруға жауапты бизнес.
"13 тамызда Алматы-Пекин бағытындағы KC 267 рейсіне дайындық кезінде әуе кемесінің есігін кейтеринг құрылғысы зақымдады", – деп мәлімдеді Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі.
"Көзі қызарып тұр деп бортқа мінгізбеген": Желіде қыз Air Astana әуекомпаниясына шағымданды (видео)
Салдарынан рейс тоқтатылған. Жолаушылар 14 тамызда басқа ұшақпен ұшуға мәжбүр болды.
Air Astana бұл әуекомпанияның кінәсі емес, кейтерингтің кесірі деп атап өтті.
Айта кетсек, бұған дейін Air Astana Астана әуежайын Fly Arystan ұшағын зақымдады деп айыптаған.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады