Қазақстанда түркі стилінде салынған жаңа қала бой көтермек (фото)
Жаңа қала Сырдария өзенінің сол жақ жағалауына салынбақшы. Бұл жоба бүгін «Байқоңыр» деп аталған VI Инвестициялық форуымнда отандық және шетелдік инвесторларға таныстырылды.
Жоба авторы қаланың өзгешелігі барлық кеңселер мен тұрғын үйлер түркі халықтарының стилімен салынатындығында деп көрсетті.
«Қаланың халық санына қарай есептеп салу керек. Мысалы 2050 жылдарға қарай тұрғындардың саны 260 мыңнан 350-ге дейін артуы ықтимал. Біз осыншама адамның жайлы, еркін, жағдайы жасалған қалада тұру мүмкіндігін есепке алдық. Сондай-ақ, қала Қызылорданың тарихынан ауытқымауы керек»,-деді жоба авторы Любовь Владимирқызы.
Жаңа қаланың зәулім ғимараттары Ташкент, Бейрут, Бұхара, Йемен қалаларындағы түркі стилінің нақышында болады. Жоспарланған қала үшін 1532 гектар жер арнайы бөлінген.
Жаңа қаланың құлысы 2025 жылда аяқталады. Қаланы тұрғызуға инвесторлардың қаржысы жұмсалатын болады.
2026 жылдан бастап доллар бағасы мен инфляция қалай өзгереді – Экономистер болжам жасады
Салық пен айыппұл өсіп, қымбатшылық басталады: 2026 жылдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
70 жастағы зейнеткердің зейнетақысы 2025 жылы 171 588 теңге болса, 2026 жылдан бастап ол 192 816 теңгеге дейін көтеріледі







