Қазақстанда ресми тіркелмеген смартфондарды тіркеу мерзімі тағы бір айға ұзартылды
Фото: depositphotos.com
Қазақстанда "сұр" тізімдегі смартфондарды тіркеу мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы цифрлық даму министрлігі мәлімдеді.
"Қазақстандықтар 25 маусымға дейін екі құрылғыны тегін тіркей алады. Ал заңды тұлғалар үшін бұл мерзім 25 мамырға дейін. Аталған күндерден кейін заңсыз әкелінген құрылғыларда байланыс қызметтері қолжетімсіз болады", – делінген министрлік хабарламасында.
Қазақстандықтар ресми тіркелмеген смартфондарын дүкенге кері қайтара алады
Айта кетейік, бұл шара смартфондардың көлеңкелі нарығына қарсы күресу мақсатында қабылданды. Билік өкілдерінің мәліметінше, Қазақстанда сатылатын смартфондардың шамамен 75%-ы көлеңкелі жолмен әкелінген. Мәселен тек бір бренд бойынша ғана төленбеген салық көлемі 156 миллион долларды құрайды.
Қазақстандықтар өз смартфондарының тіркеуі туралы мәліметтерді eGov Mobile мобильді қосымшасы, www.gov.kz және imei.rfs.gov.kz порталдары арқылы өз бетінше тексере алады.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда IMEI коды жоқ, дұрыс тіркелмеген смартфондар “сұр” тізімге ілініп, бұғатталатыны туралы жазған едік.

"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-шы атты әскери дивизия туралы не білеміз
