Қазақстанда SIM-карталарды сатуға шектеу қойылмақ
Фото: freepik.com
Цифрлық даму министрлігінің бұйрық жобасына сәйкес, соңғы пайдаланушының жеке басын сәйкестендірусіз тіркелген қазақстандық нөмірлерді пайдалану арқылы интернет-алаяқтықпен күресті күшейту жоспарланған. Осыған байланысты тіркеуге және жеке тұлғаны сәйкестендірусіз SIM-карталарды сатуға шектеу енгізу ұсынылып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Түзетулер күшіне енгеннен кейін абоненттік нөмірді тек байланыс операторларынан сатып алуға болады.
Сонымен қатар ресми байланыс компаниялары мамандандырылған Call-орталық құрады, сол арқылы пайдаланушылар алаяқтық әрекеттер туралы жедел хабарлай алады. Бұл күдікті нөмірлерді бұғаттап, құқық қорғау органдарына қажет мәліметтерді жинауға мүмкіндік береді.
Құжат 2025 жылғы 23 мамырға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда балаларға арнайы тарифі бар SIM-карталар пайда болатынын жазған едік. Таяуда оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан Қазақстанда ата-аналар балаларына арнайы SIM-карта сатып алып беруге міндеттелетінін мәлімдеді. Ол балаларға арналған SIM-картаның қашан енгізілетіні әзірге белгісіз екенін айтты.

"Үреймен көз іліп, қорқынышпен оянады": Ливан мен Сирияда бітімгер болған қазақ қызы жанкешті оқиғасын бөлісті
