Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұят болмасын деп": Қазақстанда енді жемқорлардың тізімі пайда болады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов Қазақстанда сыбайлас жемқорлардың тізілімі пайда болатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Мәжілісте Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу” бойынша заң жобалары қаралады.

Заң жобалары шеңберінде елде сыбайлас жемқорлықтың жария тізілімін енгізу жоспарланып отыр.



"Бұл – профилактикалық құрал. Оның басты мақсаты – қоғам алдында айыптау арқылы ел арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеу қасиетін қалыптастыру. Тізілімге ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін сотталғандар туралы мәліметтер енгізіледі. Заңды күшіне енген айыптау үкімі адамдарды тізілімге енгізу үшін негіз болады", – деп түсіндірді Сарқұлов отырыс барысында.

Сарқұловтың айтуынша, реестрді енгізу бюджеттен ешқандай шығынды талап етпейді.

"Біз бұл мәселе бойынша басқа мемлекеттік органдармен өте мұқият жұмыс істедік. Біз бұл қоғамдық реестрді енгізіп жатырмыз, ол іс жүзінде ешқандай шығынды қажет етпейді. Бұл тізімге сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған адамдар, атап айтқанда, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін соттың түпкілікті үкімдері шыққан адамдар кіреді. Бұл мәселенің мәні – қоғам арқылы (адамдарға ықпал ету – авт). Біз "Ұят болады" дейміз ғой. Сол ұят болмасын деп, олар осы тізімде болады", – деді Ұлан Сәркұлов Мәжіліс кулуарында.

Ол бұл тізімге заң күшіне енгеннен кейін сотталған сыбайлас жемқорлар ғана кіретінін атап өтті. Тізілімнен шығару заңды күшіне енген ақтау үкімі мен соттылықты өтеу негізінде мүмкін болады.

Талқылау