Қазақстанда шілде айының соңында қандай ауа райы болады
Фото: rtraveler.ru
"Қазгидромет" синоптиктері шілде айының соңғы күндерінде ел аумағында болатын ауа райы туралы мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айдың соңғы күндері еліміздің ауа райына ауқымды циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. Синоптиктер тұрақсыз ауа райын болжап отыр. Жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.
Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталық өңірлер мен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында нөсер жауын мен екпінді жел болмақ. Республиканың көптеген бөлігінде жел күшейеді, ал оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал.
Солтүстік өңірлерде ауа температурасы 18-23°С-қа дейін төмендейді. Қалған аумақта ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.
"Ауаға ұшқан ақша": Оралда аптап ыстықпен күресу тәсілі жұртты қайран қалдырды (видео)
Еуропадағы кондиционерлер аптап ыстыққа әсер етті – Сарапшы
Еске салайық, бұған дейін өткен аптада "Қазгидромет" елімізде кей өңірде аптап ыстық, ал кей жерлерде нөсер жауын, бұршақ пен дауылды жел болатынын хабарлаған еді. Синоптиктер циклон әсерінен өткінші жауын, найзағай және жел күшейетінін айтқан. Шығыс пен оңтүстік-шығыста 42°С-қа дейінгі аптап ыстық сақталған.

"11-15 жастағылардың үлесі 2 есе артқан": Шылым шегетін жастардың санын азайту үшін мемлекет қандай шаралар қабылдап жатыр
