Қазақстанда шетелдік және отандық инвесторлар 2,5 трлн теңгеге сегіз зауыт салады
Фото: primeminister.kz
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалар туралы айтып берді. Жобалардың басым бөлігі шетелдік компанияларға тиесілі екені айтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жүгеріні терең өңдеу зауыты
Құны 800 млрд теңге болатын жүгеріні терең өңдеу зауыты Орталық Азиядағы ең ірі жоба.Оны қытайлық Shengtai Biotech Co., Ltd. салып жатыр. Компанияның негізгі акционері Fufeng Group-қа тиесілі Seres Biotech B.V. Зауыт жылына 3 млн тонна жүгері өңдеуге тиіс және 1,5 мың адамды жұмыспен қамтиды.
Құны 674 млрд теңгеләік металлургиялық зауыттықҚытайлық Yonggang iron and steel group (Fujian Hengwang Investment Co. еншілесі) салады. Жылына 3 млн тонна металлопрокат өндіретін кәсіпорын тұрғызады. Зауыт профильді болат, арнайы болат және сым өнімдерін шығарады. Жоба бойынша 2,5 мың жұмыс орны ашылады.
Құны 108 млрд теңге болатын қант зауыты
Оны жылына 1 млн тонна қант қызылшасын өңдейтін өндірісті Zhongkai Kazakhstan International Sugar Industry Company салып жатыр. Компания қытайлық Zhongkai Guoyuan Industrial Investment Co.-ға тиесілі. Зауыт жыл сайын 130 мың тонна қант, 72 мың тонна қызылша ұны, 54 мың тонна сірне өндіретін болады. 350 адам жұмыспен қамтылады.
Құны 200 млрд теңге болатын QAZAQ SODA зауыты
Кальцилендірілген сода өндіретін жобаның қуаты жылына 1 млн тонна сода өндіреді. Инвестор түркиялық Yildirim Holding. Құрылысы 2010 жылы жарияланғанымен, тек 2021 жылы басталды. Қазақставнның дпаму банкі бұл жобаға 12 млрд теңге несие берген. Қалған қаржыландыру $260 млн басқа кредиторлар, 126 млн түрік инвесторынпн тартылды.
Құны 47 млрд теңге тау кен-байыту комбинаты
Кордай ауданындағы Гагарин кен орнында құрамында алтын бар руданы жылына 500 мың тонна өңдейтін фабрика салынып жатыр. Жоба "Тау-кен Самрұк" компаниясына тиесілі. 400 жұмыс орны ашылады.
Құны 68 млрд теңге болатын натрий цианидін өндіру
Altynalmas Reagents компаниясы жылына 25 мың тонна натрий цианидін шығаратын өндірісті іске қосты.Жобаға ҚДБ 98,8 млн еуро көлемінде несие берген. Қаржы жобалауға, жабдық сатып алуға және құрылыс-монтаж жұмыстарына бағытталады. Зауыттың іске қосылуы 2027 жылдың IV тоқсанына жоспарланған.
30 млрд теңгеге сутегінің асқын тотығын өндіру
Kazakhstan Hydrogen Peroxide жобасы жылына 30 мың тонна сутегінің асқын тотығын шығармақ. Құрылтайшылары Серікжан Мамбетбаев және Қытайдың "Санли фэнсян" технологиялық компаниясы. Жобаға Samruk Kazyna Ondeu мен бельгиялық Solvay компаниясы серіктес ретінде қатысуда. Зауыт медицинада, тамақ өнеркәсібінде, электроникада және экология саласында қолданылатын өнім өндіреді.
Құны 536 млрд теңге күкірт қышқылы зауыты
Ресейлік "ЕвроХим" компаниясының еншілесі "ЕвроХим Қаратау" жылына 800 мың тонна күкірт қышқылын өндіретін зауытты биыл іске қосады. Жоба құны 536 млрд теңге.
Облыста қуаты 1 гигаватт болатын, энергия сақтау жүйесі бар тағы бір жел электр станциясы салынады. Жобаның құны 620 млрд теңге. Оны француздық Total Eren компаниясы салады. Бұл жобаға қатысты құжатқа 2022 жылы Парижде қол қойылған.
Бұдан бөлек, өңірде қуаты 1 гигаватт және 300 МВт энергия сақтау жүйесі бар жел электр станциясын Masdar (БАӘ) компаниясы салмақ. Жобаның құны 728 млрд теңге. Бұған дейін Жамбыл облысы әкімдігі компанияның құрылыс жұмыстарын 2026 жылы бастайтынын хабарлаған болатын. Қазір жобаның геотехникалық зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Жел паркін 2028 жылы іске қосу жоспарланған.
Қазақстан мен БАӘ арасындағы үкіметаралық келісімде көрсетілгендей, жел электр станциясының тарифі 1 кВт/сағ үшін 4,49 АҚШ центін, немесе Ұлттық Банктің қазіргі бағамы бойынша 23,65 теңгені құрайды. Бұл тариф жобаның барлық 25 жылдық кезеңінде өзгеріссіз қалады.