Қазақстанда сән-салтанатты той жасайтындар қалай тексерілмек – Мемлекеттік кірістер комитеті түсіндірді
Қазақстанда салық органдары той ұйымдастырушылардың кірістері мен шығыстарының сәйкестігін тексереді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ашық дереккөзден
БАҚ-та тараған ақпаратта мемлекеттік кірістер комитетінің той ұйымдастырушыларын тексеруді бастайтыны, той шығындары ресми табыстарына сәйкес келмейтін қазақстандықтар тексерілетіні айтылған. Ақпаратқа сай, азаматтар той үшін қаржыны қайдан алғанын түсіндіруі қажет.
Мемлекеттік кірістер комитеттің мәліметінше, тексеру коммерциялық қызметпен айналысатын, бірақ жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген қазақстандықтарға қатысты жүргізіліп жатыр.
Қазақстандықтарды тойға кететін шығынды үнемдеуге шақыруда
"Комитет тұрақты негізде қызметіне қарамастан жеке тұлғалардың салық міндеттемесін орындауына тексеру жүргізеді. Мұндай қызметкерлердің, мысалы, жүргізушілер мен тамадалардың, әншілердің және басқа да салық міндеттемелерін орындауы жалпы негізде басқа азаматтар мен кәсіпкерлермен бірге жүзеге асырылады", — делінген хабарламада.
Қазақстанда камералдық бақылау өз бетімен салық салынатын табыс тауып отырған барлық азаматқа жүргізіледі. Осылайша, коммерциялық белгілері бар, бірақ ресми тіркеусіз жұмыс істейтін тұлғаларға қатысты заңға сәйкес тексерулер жүргізілмек.
Еске салсақ, бұған дейін қаржы вице-министрі Ержан Біржанов енді аста-төк той жасаған адамдар да салық төлейтінін мәлімдегені туралы жазған едік.