Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ресейлік компаниялар саны күрт азайған

Қазақстанда ресейлік компаниялардың саны азайып келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kommersant.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Бұл үрдіс бір жылдан бері жалғасуда. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, соңғы тоқсанда алты жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш тіркелген. Қазір Қазақстанда шамамен 18 мың ресейлік заңды тұлға бар — бұл 2018 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш. Сонымен қатар жыл басынан бері Қазақстандағы ресейлік компаниялар саны 500-ге қысқарған.

Қазақ ұлттық университетінің профессоры Мағбат Спановтың айтуынша, компаниялар санының қысқару үрдісі — Ресейге қарсы санкциялық қысымның күшеюіне тікелей байланысты.

"Мен бұл жағдайдан қорқынышты ештеңе көріп тұрған жоқпын. Санкциялар немесе басқа да факторлардан Ресейдің экономикалық белсенділігі де төмендеп келеді.

Екінші мәселе — көші-қонға байланысты. Арнайы әскери операция басталғанда көптеген релоканттар Қазақстанға көшіп келіп, өз бизнесін аша бастады немесе осында көшіріп әкелді. Бұл — уақытша құбылыс болды, ол қандай да бір ауқымды қорытынды шығаруға негіз бермейді. Ең бастысы — ішкі сауда”, – дейді профессор. 

Сарапшының айтуынша, мұнда өте қызықты жайт байқалады. Жалпы алғанда, Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы азайып жатқан жоқ. Бірақ Қытай алдыңғы орынға шығып, сыртқы сауда көлемі бойынша Ресейден озып кеткен.  



Компаниялардың ең үлкен қысқаруы сауда саласында болған, 200-ден астам компания жабылған. Қазір олардың саны 7,5 мыңға жетті. Одан кейін IT саласы тұр: бұл салада компаниялар саны 70-ке азайып, 2,5 мыңды құрады.  

Transasia Logistics компаниясының атқарушы директоры Кирилл Латинскийдің айиуынша, қиындықтарға қарамастан Қазақстан ресейлік бизнес үшін әлі де қолайлы бағыт болып қала береді. 

"Ресейлік бизнестің кетуіне ең қатты әсер еткен жайт — санкциялардың күшеюі, әсіресе қаржылық операцияларға қатысты. Бұл АҚШ президенті Джо Байденнің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы жарлығынан кейін орын алды. Сол жарлық Қазақстандағы ресейлік заңды тұлғалардың жұмысты қиындатып жіберді", – дейді Кирилл Латинский.

Еске салсақ, наурыз айының басында АҚШ президенті Трамп Ресейге қарсы санкцияларды тағы бір жылға ұзартқан еді.

Талқылау