Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда еліміздегі алғашқы ресейлік мектептің құрылысы басталды

Фото: kremlin.ru

Қазақстанда ресейлік "Сириус" білім беру орталығы ашылмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ТАСС агенттігінің мәліметінше, 17 қаңтар күні Алматы қаласында I Таланттар саммиті аясында дарынды балаларға арналған ресейлік “Сириус” мектебі мен білім беру орталығы филиалының іргетасын қалау рәсімі өткен.

Федералдық "Сириус" аумағы кеңесінің төрағасы Елена Шмелева "Сириус" орталығының Қазақстандағы жоспары туралы Ресей президенті Владимир Путинге баяндама жасады.

“Біз Қазақстанмен ынтымақтастықты тек күшейте береміз, бірлескен бағдарламалар жасаймыз. Қазақстан – біздің ең жақын одақтасымыз, қарым-қатынасымыз стратегиялық сипатқа ие. Сондықтан посткеңестік кеңістікте алғаш болып Қазақстан дарынды жастармен жұмыс істеуге арналған “Сириус” білім беру орталығы мен халықаралық мектептің толыққанды моделін құрып отыр”, – деді Шмелева.

Алматыда орыс сыныптарының ашылуына қарсы шыққан белсенді 15 тәулікке қамалды


Путин Қазақстанда ресейлік оқу орнын ашу мәселесін Қасым-Жомарт Тоқаевпен алдын ала келіскенін атап өтті.

“Керемет! Құттықтаймын! Өте жақсы жаңалық, атқарылған жұмыс та, қол жеткізілген нәтиже де жоғары деңгейде. Негізі, бұл Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ресейге келген кезде, “Сириустың” жұмысымен танысу барысында уағдаласқан мәселелеріміздің нақты жүзеге асуы”, – деді Владимир Путин.

Айта кетейік, "Сириус" білім беру орталығы 2015 жылы Сочи қаласындағы Олимпиада инфрақұрылымы негізінде ашылған. Орталық Владимир Путиннің бастамасымен құрылған және оның қамқорлығында жұмыс істейді.

Еске салсақ, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысындағы мектептердің семинар өткізіліп, Ресей рәміздері дәріптелгені, жиында Путинге алғыс айтылғаны туралы ақпарат тараған еді.

Дана Русланқызы
Жұма, 30 Қаңтар, 2026 22:50