Қазақстанда президент сайлауы басталды
Қазақстанның барлық өңірінде кезектен тыс президент сайлауы басталды. Азаматтар 10 101 сайлау учаскесінде дауыс бере алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Абай облысында – 475, Ақмола облысында- 717, Алматы облысында – 606, Шығыс Қазақстан облысында – 537, Жамбыл облысында – 493, Жетісу облысында – 447, Қарағанды облысында – 642, Қостанай облысында – 745, Павлодар облысында – 528, Солтүстік Қазақстан облысында – 640, Түркістан облысында – 919, Ұлытау облысында – 136, Астана қаласында – 406, Алматы қаласында - 600, Шымкент қаласында 311 сайлау учаскесі жұмыс істейді.
Ал қалған Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07-00-де, астана уақытымен сағат 08-00-де басталды.
Алғашқылардың бірі болып дауыс беруге Қазақстан президенттігіне үміткер Жигули Дайрабаев та келді. Кандидат таңғы 7:00-де Түркістан көшесінде орналасқан 396 сайлау учаскесіне келді. Оның қасында жұбайы және балалары және туыстары болды.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан саяси додаға түскен Нұрлан Әуесбаев Астанадағы “Наз” театрында орналасқан сайлау учаскесінде өз дауысын берді.