Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда пошта қызметкері зейнеткерлердің атына миллиондаған несие рәсімдеп тастаған

Қостанай облысында пошта қызметкері зейнеткерлерді алдап, олардың атына бірнеше несие рәсімдеп тастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

почта

Фото: pixabay.com

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше күдікті зейнеткерлерден хатты алғанын растау үшін, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын алу тәртібін жеңілдету деген желеумен суретке түсіріп алған. Кейін мобильді қосымшалар арқылы олардың атына несие мен займдар рәсімдеген. 

“Оның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде Қостанай ауданының бес зейнеткері алаяқтықтың құрбаны болды. Мәселен, екі зардап шегушінің әрқайсысына 1 млн теңгеден несие, ал қалғандарының атынан шағын несие рәсімдеген. Жалпы материалдық шығын 2,3 млн теңгеден асты”, – делінген хабарламада. 

Алаяқтықтың бірнеше эпизодтары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, істі сотқа жіберді.

Талқылау