Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда педофилдерді түрмеден босатылғанға дейін кастрациялау ұсынылды

Педофилдерді түрмеден шықпай тұрып кастрациялап тастайды_ shutterstoФото:shutterstock.com

Қазақстанда педофилия үшін сотталған адамдарға химиялық кастрация қолдану тәртібі өзгеруі мүмкін. Жаңа түзетулер сот-психиатриялық сараптамаларды жүргізу тәртібі мен оларды тағайындау мерзіміне қатысты болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрық жобасына сәйкес түзеу мекемелерінің әкімшіліктері жазасын өтеу мерзімі аяқталғанға дейін 12 айдан кешіктірмей сотқа материалдарды жолдауға тиіс. Бұл педофилия диагнозының және зорлық жасауға бейімділіктің бар-жоғын анықтайтын сот-психиатриялық сараптаманы тағайындау үшін қажет.

Егер сараптама тәуекелдерді растаса, сот босатылуға алты ай қалғанда химиялық кастрацияны тағайындай алады. Бұл шара тек сот шешімімен жүзеге асады және арнайы дәрілерді үнемі егу түрінде жүргізіледі.

Айта кетейік, 2022 жылдан бастап Қазақстанда педофилдерге электронды білезік тағылатынын хабарлаған едік. Ал 2024 жылы депутаттар кәмелетке толмағандарға қарсы сексуалдық қылмыс жасағандарға хирургиялық кастрация қолдану туралы норманы талқылай бастаған.


Түркістан соты педофилді 2,5 жылға ғана соттаған


Абай облысында әйелінің 9 жасар жиеніне азғындық жасаған ер адам өмір бойына сотталды


Еске салайық, бұған дейін төрт өгей қызын зорлаған педофил өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасынан құтылып кеткенін жазған едік. Ер адам 24, 22, 19 жастағы және 15-тегі қыздарды 2015-2017 жылдар аралығында зорлап келген. Кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс жабық өтті. Сот ер адамның кінәсі дәлелденгенін айтты. Бірақ 46 жастағы ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылған жоқ. Себебі жаза жақында ғана қатаңдатылды.

Айым Атамбаева
Жексенбі, 03 Тамыз, 2025 13:48
Талқылау
`