Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда пәтерін жалға беретіндер табысынан 10% салық төлеуге міндетті

Пәтерін жалға беретіндер табысынан салық төлеп, декларация тапсыруға міндетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Жалдамалы пәтердің иесі үйін өткізгені үшін салық төлеуі керек. Мәселен, азамат баспанасын 200 мың теңгеге жалға берсе, оның жылдық табысы 2 400 000 мың деп есептеледі. Осылайша, дәл осы соманың 10%-ы салық ретінде мемлекетке төленуі тиіс.

“Тұрғын үйді жалға беруде кәсіп, ал бәрі заң аясында болуы үшін табыс тапқан азаматтар салық төлеуі керек. Алайда жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті емес, бұл – қызмет түрін заңдастырудың бір жолы. Одан бөлек, азаматтар жыл сайын жалға беруден түскен кірістер мен мүлік туралы декларацияны келесі жылдың 15 қыркүйегіне дейін ұсынуға және 10% мөлшерінде жеке табыс салығын төлеуге міндетті болады”, – делінген мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында. 



Айта кетейік, 10%-дық мөлшерлемеге зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік төлемдер, медициналық сақтандыру кірмейді. Дегенмен, бұл жүйені халықтың бірі дұрыс десе, енді бірі жалға берілетін пәтер бағасына кері әсер ететінін айтады.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда 3 миллион теңгеден көп табыс табатындарға салынатын салық пайызын көбейту ұсынылған еді. 

Талқылау