Қазақстанда пәтер алу үшін қанша жыл ақша жинау керек?
Пәтер алу үшін қазақстандықтар 14 жыл бойы ақша жинау керек, делінген Ranking.kz аналитикалық порталының зерттеуінде.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.
“Биылғы жылдың алғашқы төрт айы ішінде жаңадан салынған баспана бағасы 1,1%-ға қымбаттады. Бағаның артуы қарапайым қазақстандықтың баспанаға қол жеткізу үшін қаражат жинау мүмкіндігін шектейді. Қазір бір бөлмелі пәтер сатып алу үшін тұрақты жұмысы бар қазақстандық 14 жыл бойы жалақысының 30%-н жинап отыруы тиіс”, — делінген зерттеу нәтижелерінде.
Биылғы жылы қаңтар-сәуір айлары ішінде жаңа пәтер бағасы орташа есеппен 1,1%-ға қымбаттаған, бұл бір шаршы метр 250,1 мың теңге тұрады деген сөз.
Оқи отырыңыз:
Министр зейнетақының үш кезеңде қалай және қаншаға өсірілетінін айтып берді
Зейнетақы қоры Әзірбайжан банкіне салған 71 млрд ақшаны қайтара алмауы мүмкін
Юаньнің құнсыздануы Қазақстанға қалай әсер етеді
БЖЗҚ-ның экс-төрағасы Руслан Ерденаевтың тағы бір былығы әшкере болды