Қазақстанда өткен жылы 160 мың жеңіл автокөлік шығарған
Фото: freepik.com
2025 жылы Қазақстанда шамамен 160 мың жеңіл автокөлік шығарылған. Осылайша көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 19%-ға артқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан автокөлік одағының президенті Анар Мақашеваның айтуынша көліктің барлық түрі бойынша жалпы өндіріс көлемі 171 мың данаға жетіп, 18% өсім көрсетті. Бұл қазақстандық автокөлік өнеркәсібі тарихындағы ең жоғары нәтиже.
“2025 жыл қазақстандық автонарық үшін сапалы өсім кезеңі болды. Өндірістік қуаттардың кеңеюі мен жаңа кәсіпорындардың іске қосылуы жұмыс орындарының көбеюіне тікелей әсер етті. Қазір салада 11 мыңнан астам маман еңбек етеді”, – дейді Мақашева.
Саланың экономикаға ықпалы
Қазақстан автокөлік одағының бағалауынша, саланың өңдеу өнеркәсібіндегі жалпы үлесі шамамен 8%. Ал машина жасау құрылымында автосала басым бағыт саналып, оның үлесі 41,7% болды.
2025 жылы автокөлік өндірісіне салынған инвестиция көлемі 113,6 миллиард теңгеден асты. Бұл қаражат зауыттарды жаңа жабдықтармен қамтуға және автокомпоненттер өндірісін іске қосуға жұмсалды. Алматы мен Қостанайда Astana Motors Manufacturing Kazakhstan және Kia Qazaqstan зауыттары жұмысын бастады.
2026 жылға арналған көлік салығы: Қандай өзгерістер енгізілді
Қазақстандықтар енді көліктердің тіркеу нөмірлерін өздері таңдай алады
Қазақстандағы автонарық: 2026 жылы көлік бағасы қалай өседі?
2025 жылы ірі автокәсіпорындар
Саладағы ең ірі өндіруші – Қостанайдағы Allur зауыты (бұрынғы СарыарқаАвтоПром). 2025 жылы кәсіпорын 92,1 мың техника, оның ішінде жеңіл және жүк көліктерін шығарды.
Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan 52 мың жеңіл көлік өндірді.
Жаңа Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауыты іске қосылған соң 4 ай ішінде 15,2 мың, ал Kia Qazaqstan 3 айда 2,9 мың автокөлік шығарған.
Коммерциялық техника өндірісі
Коммерциялық техника өндірісі 12,2 мың бірлік болып, 8% өсім көрсетті. Бұл сегментте:
- Семейдегі СемАЗ — 3,7 мың;
- Саран қаласындағы QazTehna — 2,7 мың;
- Көкшетаудағы "КАМАЗ Инжиниринг" — 1,4 мың жүк көлігі;
- Hyundai Trans Almaty — 0,8 мың техника;
- Daewoo Bus Kazakhstan — 0,3 мың техника;
- Уральскагрореммаш — 25 бірлік арнайы техника шығарды.
Анар Мақашеваның сөзінше, сала алдағы уақытта жергілікті құрам үлесін арттырып, автокомпоненттер өндірісін дамытуды әрі қарай жалғастырмақ.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық сапасыз көлік сатқан автосалоннан 22 миллион теңге өндіріп алғаны туралы жазған едік.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді