Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институты құрылады: Тоқаев жарлыққа қол қойды

Фото: Ақордадан 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанынан Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институтын құру туралы" жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тоқаев адам құқықтарын қорғауды күшейту, отбасы институтын нығайту және мемлекеттік отбасылық саясатты жетілдіруді тапсырды. Осы мақсатта жарлықта: 

  1. Президент жанынан Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институты құрылсын. Ол Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрамында төраға орынбасары ретінде қоғамдық негізде жұмыс істейді.
  2. Уәкіл отбасы құқықтарын қорғаумен және отбасылық құндылықтарды нығайтумен айналысады. Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алып, отбасылардың жағдайын жақсартуға жұмыс істейтіні көрсетілген.



Президент жарлықтың орындалуын бақылау Президент әкімшілігіне жүктелетінін жеткізді. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 18 Наурыз, 2026 17:42