Қазақстанда онлайн курс өткізетін блогерлер дипломдарын көрсетуге міндеттелмек

Қазақстанда онлайн курстар мен білім беру контентін жасаушы блогерлерге жаңа талаптар енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңа ереже туралы премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді.
Премьер-министрдің айтуынша, ақпараттық кеңістіктегі киберқауіпсіздікті күшейту мақсатында онлайн платформалар мен бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты заң жобасы, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске тиісті түзетулер әзірленген.
Тоқаев қазақстандықтардың дипломдарына қатысты жаңа заңға қол қойды
Құжаттарда бірқатар жаңа нормалар көзделген:
- Қазақстан аумағында өкілдігі бар онлайн платформалардың уәкілетті органның құқыққа қайшы контентті жою жөніндегі талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу;
- Белгілі бір сала бойынша білім беру курстарын және (немесе) оқу материалдарын тарататын онлайн платформа пайдаланушыларын мұндай контентті тиісті білімі бар екені туралы, дипломның және (немесе) сертификаттың деректері көрсетілген хабарламамен қоса жариялауға міндеттеу.
Заң жобалары биылғы қаңтар айында тиісті мемлекеттік органдарға жолданған.
Еске салсақ, бұған дейін депутат тренингтік курстарға тексеріс жасап, шара қолдануды ұсынған еді.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды