Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда онкологиялық науқастардың бес жылдық өмір сүру шегі 65%-ға өсті

Фото: Ru.freepik.com

Қазақстанда онкологиямен ауыратын науқастардың бес жылдық өмір сүру шегі алғаш рет 65%-ға жетіп, жоспарлы көрсеткіштен 58%-ға асты. Денсаулық сақтау министрлігі бұл көрсеткішті соңғы жылдары үздік нәтиже деп бағалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақ онкология және радиология ғылыми институтының басқарма төрағасы Ербол Бекмұхамбетовтың айтуынша, бұл индикатор – онкологиямен ауыратын науқастарға жүйелі көмек тиімділігінің негізгі өлшемшарттарының бірі. 

Қазақстан еуропалық стандарттарға жақындаған ісіктер өмір сүруді арттыруға үлкен үлес қосады:

  1. Сүт безі обыры;
  2. Жатыр мойны обыры:
  3. Қуық асты безінің обыры.

Осы нозологиялар бойынша өмір сүру деңгейі 80%-дан асады, бұл дәрігерлердің жоғары біліктілігін және іске асырылатын клиникалық хаттамалардың тиімділігін растайды.

  • Ерте анықтаудың өсуі емдеудің нәтижелілігіне және пациенттердің болашағына тікелей әсер етеді.
  • Ерте кезеңдердің (0-I) үлесі 32,8%-ға дейін өсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 4,1%-ға жоғары.

“Онкологиялық аурулардан болатын өлім 100 мың тұрғынға шаққанда 59 жағдайға дейін төмендеді. Бұл өткен жылғы деңгейден 3%-ға төмен және жоспарлы мәннен әлдеқайда жақсы”, – делінген жазбада.

Жақсы нәтижелердің арқасында 

  • Диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын дамыту;
  • Зерттеп-қарауға қолжетімділікті кеңейту;
  • Сәулелік терапия орталықтарының санын көбейту;
  • Науқастарды бағыттауды жетілдіру;
  • Профилактикалық бағдарламаларды күшейту және скринингтерді кеңейтуге болады.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова скринингтің аяқталған жағдайы үшін ақы төленетін мамандандырылған скринингтік орталықтарды, сондай-ақ онкопациенттерді амбулаториялық бақылау орталықтарын құруды пысықтауды тапсырды.

“Өңірлік басқармаларға –  халықты скринингтермен қамтуды 2025 жылы кемінде 70%-ға дейін арттыру және бұл көрсеткішті 2026 жылы 80%-ға дейін жеткізу, сондай-ақ МСАК деңгейінде онкологиялық сақтандыруды арттыру арқылы кейінгі кезеңдердің үлесін азайту”, – деп тапсырма берді министр.

2025 жылғы онкологиямен ауыратын науқастардың бес жылдық өмір сүру шегі бойынша Нидерландыда көш бастап тұр. Елде онкологиямен ауыратын науқастардың бес жылдық өмір сүру шегі 1994-2002 жылдары 53% болса, 2015–2022 жылдары бұл көрсеткіш 67%-ға жеткен. 

Ал Эстонияда 2007–2011 жылдардағы қатерлі ісіпен ауыратын науқастардың өмір сүру шегі 54% болған. 2017–2021 жылдары бұл көрсеткіш бар болғаны 4%-ға өскен. 

2025 жылғы әлемдегі қатерлі ісіпен ауыратын науқастардың бес жылдық өмір сүру шегі 

Фото: Stan.kz

Оңтүстік Кореяда асқазан қатерлі ісігімен ауыратын науқастардың бес жыл өмір сүру шегі 68,9%-ға, өкпе қатерлі ісігі бойынша 60,3%, сүт безі қатерлі ісігімен ауыратын науқастардың бес жылдық өмір сүру шегі 86,6%, қуықасты безінің қатерлі ісігі бойынша 89,9%-ға жеткен. 

Айым Болатқызы
Жұма, 28 Қараша, 2025 16:15