Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда өлім жазасына тыйым салатын норманы Конституцияда бекіту ұсынылды

Фото: gov.kz

Конституциялық комиссияның отырысында мәжіліс депутаты Сергей Пономарев Конституцияда өлім жазасына тыйым салатын норманы бекіту қажет екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Депутат бұл ұсынысты Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев та қолдағанын атап өтті.


Қазақстан Конституциясы толықтай қайта жазылмақ: 84% өзгеріс енгізіледі

Президент өкілеттігі тоқтатылса 7 күн ішінде сайлау өткізу туралы шешім қабылданады: Қазақстан конституциясына қандай өзгерістер енгізілмек?


"Біздің міндетіміз тек Конституция нормаларын қайта жазу емес, оларды қазіргі заман талаптарын ескере отырып жетілдіру. Тағы бір аса маңызды жайт бар, әділетті мемлекет ең алдымен адамның негізгі құқықтарының конституциялық деңгейде қорғалуымен өлшенеді. Сол құқықтардың ішінде маңызды орынды өмір сүру құқығы алады. Осыған байланысты мынадай нормаларды бекіту ұсынылады: “Өмір сүру құқығы – әрбір адамның абсолютті және ажырамас құқығы. Ешкімнің адам өмірін өз бетінше қиюға құқығы жоқ” және ең маңыздысы: “Өлім жазасына тыйым салынады", – деді Пономарев.

Еске салсақ, бұған дейін Конституциялық комиссияның отырысында мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева Конституцияны тұтастай өзгертуді ұсынған еді.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 29 Қаңтар, 2026 18:35